Еуразиялық әйелдер форумы аясында өтетін турнирге қатысушыларды шығарып салу сәтінен

Дәл бүгін Юсимас Қазақстан Академиясы еліміздің батыр және білімді қыздарын, ертенгі Санкт-Петербург қаласында  болатын Халықаралық Еуразия форумына сәттілік тілеп әуежайдан шығарып салды.Еліміздің енді өсіп келе жатқан жас  жеткіншек қыздары  үшін, мұндай аумақты  іс-шараға қатысу  үлкен жетістік және жауапкершілік. Еліміздің түкпір-түкпірінен 30-дан аса қыздарымыз ел намысын Санкт-Петербург қаласында  қорғайтын болады. Бұл форумда әлемнің білім,саясат,денсаулық,қаржы саласындағы ең мықты әйелдер қауымы қатысады. Форум барысында арнайы және алғаш рет әлемдік рекорд орнатылатын болады. Сондықтан мұндай тарихи және маңызды форумда қыздарымызға тек қана сәттілік тілейміз.