Юсимас Академиясының жас жеткіншектері рекорд орнатты

ЮСИМАС - бұл ең мықты, ұйымшыл,бірлігі жарасқан, тату тәтті отбасы. Біз Юсимас командасы әрқашан бірінші және қайталанбастай болуға тырысамыз. Балаларға білім берумен қатар, әрбір баланың біздің Академияда өзін ең мықты және бақытты сезінуі үшін жұмыс жасаймыз. Сол орайда балаларымызға республикалық, халықаралық, ұлттық жарыстарға қатысып өз бақтарын сынауға мүмкіндік береміз. Балаларымыз шет ел асып өз елінің намысын қорғап, жеңімпаз атанумен қатар, сонымен қоса басқа мемлекеттің салт-дәстүрімен, көркем жерлерін көріп танысады. Бұл әрбір ата-ана, кішкентай балалар үшін баға жетпес рухани құндылық. Осындай тарихи және маңызды сәттердің бірі ,  19-шы қыркүйек күні Қазақстан елінің алғыр қыздары халықаралық форумның қатысушылары атанды. Бұл форумды біздің қыздарымыз асыға күткен болатын. Жоғары деңгейдегі дайындықпен барған қыздарымыз өздерінің мықты екендіктерін тағы да дәлелдеді. Халықаралық  Еуразиялық әйелдер форумында Юсимас ментальді арифметика бағдарламасы бойынша 26минут,26секунд,12миллисекундта   әлемдік рекорд орнатылды.  Орнатылған рекорд  арнайы WORLD BOOK RECORDS (WBR) кітабына енгізілді. Бұл біздің Юсимас Халықаралық Академиясының  әлемдік деңгейдегі алғашқы жетістігі емес,сондықтан  біз ары талмай балалармен жұмыс жасап келесі жарыстарданда тек биіктен көрінуге тырысамыз.ЮСИМАС тек қана алға, тек биіктен самға!